Басты жаңалықЖаңалықтар

Отырар ауданында өрт тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны Акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен,  Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Отырар ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімінің қатысуымен «Заречное» БК қарасты Темір тасымалдау базасы аумағында шартты түрде сақтау қоймаларындағы өртті сөндіру және өзара әрекеттестікті практикалық түрде машықтану бойынша оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығу кезінде жарылыстың алдын алу және қоймадағы жанғыш заттарды  сөндіру жұмыстары жүргізілді.

«Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны Акционерлік қоғамынан 22 қызметкер, Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Отырар ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімінен 2-өрт сөндіру техникасы және 15 қызметкер қатысты. Оқу-жаттығу қорынынды бойынша «Заречное» Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны Акционерлік қоғамының бас директоры Нұржанов Қанат Есенгелдіұлы мен Отырар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Кемелханов Мейрамхан Жұбайханұлы сөз сөйлеп, оқу-жаттығудың жоғары деңгейде өткізілгенін айтып өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button