Түркістан: Келесте мемлекеттік ту ең биік тұғырға көтерілді
Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде Ту көтеру рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды janalyq.kz.
Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында да бұл үрдіс жалғасып тапты. Мәселен, Келес ауданында «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты мәдени салтанатты шарасы өтті. Абай ауылындағы орталық алаңда ұйымдастырылған іс-шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында көк Ту әуе шары арқылы көкте желбіреді. Сондай-ақ, айтулы мерекеде Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы патриоттық әндер шырқалып, мемлекеттік рәміздер дәріптелді.
Айта кетейік, 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның жобасын дайындау туралы байқау жарияланған болатын. Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны сол жылы бекітілді. Ал 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданды.