Басты жаңалықЖаңалықтар

19 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, жаңбыр, бұршақ жауады.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button