01Денсаулық

Өкпесі жасанды желдетуге қосылғандар саны 4 есеге артты

Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдаймен елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова таныстырды. Оның сөзінше, ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдай нашар.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша,17 маусымға Нұр-Сұлтан қаласында 2951 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелген.

“Қазіргі уақытта елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады. 17 маусымға Нұр-Сұлтан қаласында 2951 коронавирус инфекциясы жағдайы тіркелді. Инфекция жұқтырғандар саны өсуде. Дәрігерлерге, медбикелерге және коронавирус инфекциясымен жұмыс істейтін барлық басқа қызметкерлерге үлкен міндет жүктеліп отыр. Үш айдан бері дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Соңғы 3 күнде күн сайын орта есеппен 150-ден астам КВИ ауруы тіркелуде. Олардың 50 пайызы – індеттің сиптомсыз түрімен ауыратындар”, – деді Сәуле Қисықова.

Сонымен қатар басқарма басшысы жедел жәрдем шақыру санының артқанының тілге тиек етті.

“Өткен тәулік ішінде жедел жәрдем шақыру саны 3,5 есе артып, 3700-ге жетті. 2 мыңнан астам соғылған қоңырауға қызмет көрсетілді. Тек КВИ нысанындағы қоңыраулар саны соңғы тәулік ішінде 427-ге дейін жетті, яғни 8 есе өсті. Өткен тәулікте қоңыраулар мен жедел шақыруларға 110-нан астам жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеді. Бақытымызға орай, жылдың басында біз елуден астам автокөлік сатып алдық, бұл аз да болса жүктемені азайтуға көмектеседі. Сонымен бірге емханалар деңгейіндегі көліктер қосымша тартылды”, – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ коронавирус мәселелері бойынша тұрғындардың кері байланысын күшейту үшін жедел жәрдем станциясында қосымша байланыс орталығы құрылды.

Елордада коронавирусты анықтайтын 8 зертхана жұмыс істейді

Қазіргі таңда Сәуле Қисықованың айтуынша, бұрын бір зертхана жұмыс істесе, қазір қалада 5 мыңға дейін зерттеу жүргізетін 8 зертхана жұмыс істеп тұр.17 маусымда шамамен 170 мың тест өткізілген. Ал қазір 40 мыңнан астам тест қолжетімді.

Сонымен қатар ПЦР тесттер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу жұмысы жүріп жатыр.

“Зертханалық қызметке өте үлкен жүктеме түседі, тесттер тек симптомдары бар және жақын байланыстары бар адамдарға қажет. Тесттердің жетіспеушілігін және нәтижелерді жедел өңдеуге жол бермеу үшін, басқалардың барлығына тест тапсырудың қажеті жоқ”, – деді Сәуле Қисықова.

Оның сөзінше, зертхананың 20-дан астам қызметкері (вирусологтары) індет жұқтырған. Олар күні-түні, тәулік бойы жұмыс істеді. Сондықтан басқарма басшысы отбасында дүрбелең туғызбай, зертханалық қызметке ауыртпалық түсірмей, ешқандай себепсіз тестілеудің қажеті жоқ екенін еске салды. Қазақстандықтарды тек дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындауға шақырды.

“Бүгін таңертең жұқпалы және уақытша ауруханалардағы адамдар саны 1711 адамды құрады. (Бұл орын сыйымдылығының 90%-ы), оның ішінде 80 адам реанимация бөлімінде, ал өкпені жасанды желдетуге қосылған адамдар 4 есеге артты. Олардың 91%-ның жағдайы – орташа ауыр. 9% -ы ауыр және өте ауыр, олар дереу реанимация бөліміне түсетін болады деді Сәуле Қисықова.
Сонымен бірге басқарма басшысы жыл басынан күніне орта есеппен пневмониямен ауруханаға 5 пациент келіп түссе, маусым айынан бастап күн сайын орта есеппен 500 адам келіп түскенін айтып өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button