Басты жаңалықЖаңалықтар

Елімізде өрт қауіпті кезең басталды

Биылғы жылы еліміздің Алматы қ., Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында өрт қауіпті маусым 20 наурыздан басталды. Ал, калған аймақтарда өрт қауіпті маусым 8 сәуірден басталды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның болжамы бойынша 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады. Егер Қазақстанда жазғы уақытта орташа температура 19-23 градус болса, онда алдағы жазғы кезеңде, Қазгидромет мәліметтері бойынша, 40 градусқа дейін және одан жоғары болады.

Өрт қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде ТЖ министрлігі өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды:

– жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеулеріңіз;

– орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеуді;

– табиғатта болғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті, өртеп жіберуі мүмкін;

– жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;

– табиғи өрттер туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Өрт жағдайында не істеу керек?

Аузыңыз бен мұрныңызды кез-келген, мүмкіндігінше ылғалды матамен жабыңыз

 Оттан қашыңыз

  • Жеделсатыны пайдаланбаңыз
  • Артық оттегінің кіруіне жол бермеу үшін терезелерді ұрмаңыз
  • Тез жанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) жəне қосылып тұрған электр аспаптарын сумен сөндірмеңіз

 Үй жайда, биік ғимаратта, адамдар көп жиналатын жерде

  • Егер өрт ошағы кішкентай болса, өзіңіз өртті барлық қол жетімді құралдармен өшіруге тырысыңыз: өрт сөндіргіштермен, кез-келген тығыз матамен, құммен, гүл құмыраларының топырағымен, сумен жəне т. б.
  • Электр сымының оқшауламасы жанған кезде электр желісін арнайы орыннан өшіріңіз
  • Өрт жағдайы туралы көршілерге немесе басқа кабинеттердегі қызметкерлерге дереу хабарлаңыз жəне эвакуацияны бастаңыз
  • Электр жабдықтарын өшіріңіз
  • Мүмкін болса, есікті жауып, бөлмеден шығыңыз
  • Оттан қашыңыз, ештеңені іздемеңіз жəне жинамаңыз
  • Балалар мен қарт адамдарға көшеге шығуға көмектесіңіз
  • Кіреберісте немесе дəлізде түтін шыққан кезде, шығатын есікке еңбектеп барыңыз
  • Қауіпсіз жерге шығыңыз
  • Егер үй-жайдан баспалдақ арқылы шығу мүмкіндігі болмаса, түтін кіріп кетпес үшін кіретін есікті ішінен ылғалды матамен тығыздаңыз, содан кейін балконға шығып, өртке қарсы қызметінің келуін күтіңіз
  • Жел кесірінен от қаттырақ жанып кетпеуі үшін есік жəне терезелерді жабыңыз

 Автокөлікте немесе қоғамдық көлікте

  • Өрт туралы жүргізушіге дереу хабарлаңыз
  • Көлікті тоқтатыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, тежегішке қойыңыз
  • Көліктен шығыңыз, қоғамдық көлікте апаттық люктер мен бүйір əйнектерді қолданыңыз
  • Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндіргіштің, құмның немесе қардың көмегімен өртті сөндіруге тырысыңыз
  • Капот жанған кезде оны қолыңыздағы өрт сөндіргішсіз ашпаңыз (ашу кезінде оттегінің ағыны жалынды күшейтеді)
  • Автокөліктен алыстаңыз, себебі жанармай багы жарылуы мүмкін

 Далада немесе орманда

  • Өрт ошағын тығыз материалмен, топырақпен, құммен сөндіруге тырысыңыз, жалынды шыбықтармен немесе ағаштардың бұтақтарымен қағып, сумен өшіріңіз жəне т. б
  • Өртті сөндіргеннен кейін, өрттің қайта жанбайтынына көз жеткізгенше кетпеңіз
  • Егер өрт қатты болса, оның таралу бағытына перпендикуляр қозғалып, тез кетіңіз
  • Егер кету мүмкін болмаса, ал жақын жерде су айдыны болса, оған түсіп, ылғалды киіммен үстіңізді жабыңыз
  • Ашық кеңістікте ауа аз түтіндеген жерге қарай бұғыңыз

 101 немесе 112-ге қоңырау шалған кезде диспетчерге не хабарлау керек?

  • өрттің немесе жанудың мекен жайын
  • өрт нысанын (аулада, пəтерде, қоймада жəне т. б.)
  • жанған зат (теледидар, жиһаз жəне т. б.)
  • қажет болған жағдайда-кіреберіс, пəтер нөмірі, ғимараттың қабаттылығы жəне жанып жатқан қабатты, оған кіруге ыңғайлы жерді, аумаққа кіру кодтары жəне т. б.
  • тегіңіз бен телефоныныңызды
  • нақты және байсалды сөйлесіңіз!

Жанудың алғашқы белгілерін жəне түтіннің иісі кезінде 101 теру арқылы өртке қарсы қызметін немесе 112 теру арқылы құтқару қызметін шақырыңыз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button