16Қоғам

Алакөлге қандай әуе рейстері субсидияланады?

Азаматтық авиация комитеті Алакөлге субсидияланатын әуе рейстердің тізімін жариялады.

“SCAT” әуекомпаниясы» АҚ сыйымдылығы 50 орын Bombardier CRJ200 типті әуе кемесінде субсидияланатын рейстерді орындайды:

– 2020 жылғы 27 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Нұр-Сұлтан–Үшарал–Нұр-Сұлтан бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны 16000 теңгені құрайды.

– 2020 жылғы 28 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Алматы–Үшарал–Алматы бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны 10 000 теңгені құрайды.

“Южное небо” АҚ сыйымдылығы 50 орын АН-24 типті әуе кемесінде субсидияланатын рейстерді орындайды:

– 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Алматы–Үржар–Алматы бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны– 14 000 теңге.

– 2020 жылғы 23 мамырдан бастап аптасына 7 рет жиілігімен Нұр-Сұлтан–Үржар–Нұр-Сұлтан бір бағытта жолаушыны тасымалдау құны- 16 000 теңге.

“SCAT” әуекомпаниясы АҚ сұранысы бойынша қыркүйек пен қазан айларындағы жиіліктің төмендеуін ескере отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Үшаралға рейстерді қосымша аптасына 7 жиілікке ұлғайту мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі халықтың туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2020 жылға бөлінген субсидия көлемін ұлғайту және шілде айының басынан бастап Алматы –Жезқазған–Алматы, Нұр-Сұлтан–Балқаш–Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан –Үшарал– Нұр-Сұлтан әуе бағыттарында қосымша жиіліктерді қосу мәселесін қарастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button