Басты жаңалықЖаңалықтар

Зайсан ауданында көпбалалы екі отбасы баспаналы болды

Зайсан ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған жаңа баспаналар көпбалалы отбасыларға берілді.

Сарытерек ауылында бой көтерген жаңа үйлердің кілтін аудан әкімшілігі Аналар күні қарсаңында табыстады.

– Біз бұған дейін Дайыр ауылында үш отбасыға баспана кілтін табыстаған болатынбыз. Аналар күні қарсаңында Сарытерек ауылында екі отбасыға баспана кілті берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында тағы да басқа ауылдарда салынып жатқан үйлердің кілттері алдағы уақытта тұрғындарға берілетін болады, – дейді Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Зумрад Дүйсенбаева.

Жаңа баспананың кілтін аудан әкімшілігінің өкілдері табыстап, ауылдың ақсақалы жаңа шыңарық иелеріне батасын берді. Осылайша атаулы күн қарсаңында қос шаңырақ қуанышқа кенеліп, көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button