Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматы облысы: тиімді ынтымақтастық – тұрақты экономикалық өсімнің кепілі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесті.

Бұл қадам қалыптасқан экономикалық байланыстарды нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеудің маңызды буыны болып табылады.
Талқылаудың өзекті аспектілерінің бірі Алматы облысы мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын кеңейту мәселесі болды.

Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде «Қалжат» және «Нарынқол» өткізу бекеттерін дамыту екі ел арасындағы тауар айналымын нығайтып, оны арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

«Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар және қызмет алмасуды арттырудың әлеуеті зор. Сауданы кеңейту экономиканы әртараптандыруға және өсу мен дамудың жаңа мүмкіндіктерін жасауға ықпал етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев. Облыс әкімі бүгінге дейін өңірде қытайлық инвесторлардың қатысуымен бірқатар жобалар жүзеге асырылғанын қосты.

«Kelun-Kazpharm» ЖШС фармацевтикалық зауытының өндірісі іске қосылды және «Энергия Семиречья» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін өндіру жобасы жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында «Жібек жолы» ЖШС тамшылатып суару жүйесіне арналған жиынтықтауыштар, малға арналған азық-түлік қоспаларын өндіру үшін дәнді дақылдарды қайта өңдеу өндірісін жолға қойды. Сондай-ақ, су үнемдеу технологияларын, рельсті бекітпелер мен талшықты цемент плиталарын шығаратын зауыттардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл жобалар екі тараптың экономикалық даму мәселелеріндегі өзара табысты іс-қимылын көрсетеді.

«Қытайдан келген инвесторлармен өзара іс-қимыл облыстың экономикалық дамуы үшін маңызды болып тұр. Бұл жобалар өңірдегі өндірістің сан алуандығына ықпал етіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканы ынталандырады. Сонымен қатар, мұндай инвестициялар көбінесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыратын және жалпы саланың дамуына ықпал ететін технологиялар мен білім трансфертін қамтиды. Қытаймен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жаңа инвестициялар тартуға және өңір экономикасының басқа да секторларын дамытуға үлгі бола алады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде өңірде Қытайдан келген кәсіпкерлердің қатысуымен экономиканың түрлі салаларында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. Мысалы «Gezhouba Cement Company» Ltd цемент зауытының құрылысын бастау жоспарланып отырғанын, вольфрам кен орындарын игеру және «Жетысу Вольфрамы» ЖШС тау-кен байыту комбинатының құрылысы, «QazMetProduct» ЖШС дайын стальді сым өндірісі және т.б.

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының қатысуымен 11 перспективалық жобаны жүзеге асыру қарастырылуда, олардың ішінде ең ірілерінің қатарында «ТВЕА» компаниясының трансформатор зауытының құрылысы, суару жүйелерін өндіруді іске қосу және «Yulin irrigation» компаниясының тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытын салу.

Жиын соңында Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы шетелдік инвесторлар үшін тартымды өңір екенін баса айтты. 2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қытай Халық Республикасының өкілдерімен 200-ден астам іскерлік кездесулер өткізілді.

Инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуы аймақтың экономикалық тұрақтылығы мен жоғары инвестициялық әлеуетін көрсетеді.

Ағымдағы жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Алматы облысының инвестициялық қоржыны жалпы сомасы 3,4 трлн. теңгені құрады, оның ішінде Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлерімен бірлесіп жалпы сомасы 268 млрд теңгеден астам 10 жоба жүзеге асырылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button