Басты жаңалықЖаңалықтар

«RoboZerde -2024»: елордада роботехника фестивалі кең көлемде атап өтілді

Бүгін, 11 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Бас ғимаратында Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde -2024» I республикалық робототехника фестивалі өтті.

Еліміздің жиырма аймағынан (17 облыс, 3 қала) және Қырғыз Республикасынан шақырылған дарынды балалар мен талантты жастар робототехниканың «РобоСпорт» бағытының төрт санаты бойынша («Арқан тартыс», «Асық ату», «Мерген», «Ақсүйек») және «Шығармашылық жоба» бағыты бойынша сынға түсті.

Фестиваль белгілі кинорежиссер Мұрат Есжан түсірген «Әлиханның арманы» деректі фильмінің тұсаукесерімен ашылды.

«RoboZerde -2024» I республикалық робототехника фестивалі – өмірден ерте озған дарынды оқушы, физика, робототехника салалары бойынша республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың бірнеше дүркін жеңімпазы, жас ақын Әлихан Серікзатұлы Мақсұттың ғибратты ғұмырын мектеп оқушыларына үлгі ете отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауларында айтылған елімізге қажетті болашақ техник мамандарды дайындауға қолдау көрсету, оқушылардың жасаған инновациялық жобаларын, өнертабыстарын БАҚ және әлеуметтік желі арқылы халыққа кеңінен насихаттауды көздейді.

Роботехника саласының басты мақсаты болашақ қазақстандық инжинерлердің жас буынын даярлау. Білім беру және сопрттық робототехниканы насихаттау арқылы ғылыми-техникалық бағытты дамыту.

Аталмыш іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі, «Роботек» робототехника мектебі, «Марс роботикс» роботехника мектебі және Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Фестивалдің ашылу салтанатында алғы сөз сөйлеген ЕҰУ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бейсенбай Ардақ Бақытұлы «Фестивалдіміздің мақсаты мектеп оқушыларының роботехника саласына деген қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық кәбілеттерін, техникамен жұмыс жасау белсенділігі дамыту» деді ол.

Өз кезегінде сөз алған «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет Жұмабайұлы болашақты қалыптастыруда жасанды интеллект пен робототехниканың маңызы артып келе жатқанына тоқталды, «Жақында жасанды интеллект пен инновацияны дамыту комитеті құрылғанын білесіздер. Елімізде цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде, цифрландырудың ұлттық тұжырымдамасы қабылданды. Мұның барлығы жаңа жобалар мен идеяларды ойлап табуға қабілетті жандарды қолдауға бағытталған стратегиялық реформаларымыз реформаларымыз деп толық айтуға болады», деп айтты ол.

Фестиваль барысында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері, журналистер мен блогерлер, жас оқушылардың шығармашылықтарымен танысып, тамашалады.

Фестиваль жыл сайын мамыр айында дәстүрлі түрде өтеді.

Айта кетейік, технократ оқушылардың алғашқы республикалық сайысы 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі арасында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының құрметіне ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық спортты насихаттау арналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button