Басты жаңалықЖаңалықтар

Қызылорда облысында «Қажы мәді (диуана) қожа» кесенесінің аумағы тазартылды

Қызылорда облысы Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «КИЕЛІ МЕКЕН» апталығы өтіп, Қажы Мәді (Диуана) қожа баба кесенесінің аумағына «Жалын» еріктілер штабының бастамасымен, ауыл тұрғындары мен жастардың қолдауымен тазалық жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар аясында кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, ішкі тазалық жұмыстары жасалды. Одан бөлек, ондағы ғимараттар қалыпқа келтірілді.
Жалпы саны 1 000 дана тал көшеттері отырғызылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button