Басты жаңалықЖаңалықтар
Түркістан: Бокстан Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
![](https://janalyq.kz/wp-content/uploads/2024/04/1.jpg)
Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көшет егіп, халықты тазалыққа баса мән беруге шақырды.
![](https://basnews.kz/wp-content/uploads/2024/04/2-2.jpg)
– Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Барша Түркістан облысының, Сайрам ауданының тұрғындарын осы акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің гүлденуіне, көркеюіне бәріміз бірге атсалысайық! – деді Сәкен Бибосынов.
![](https://basnews.kz/wp-content/uploads/2024/04/3-2.jpg)
Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылының орталық көшесінің бойы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға елді мекен тұрғындары, спортшылар, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және жастар қатысты.
Жалпы саны 8 техника мен 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында 2500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 120 тонна ретсіз күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору жұмыстары жүргізілді.