Басты жаңалықЖаңалықтар
Созақта «Таза Қазақстан» акциясына 1 000 адам атсалысып, 240 тоннаға жуық қоқыс жиналды
![](https://janalyq.kz/wp-content/uploads/2024/04/436378851_18225368056279436_1686179660617108085_n.jpg)
Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
![](https://basnews.kz/wp-content/uploads/2024/04/436364186_18225368065279436_7919657709986653539_n.jpg)
Атап айтқанда, көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүруде.
![](https://basnews.kz/wp-content/uploads/2024/04/436575489_18225368047279436_1837513827138089926_n.jpg)
Аудандағы 12 ауыл-кент округтен тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері белгіленген аумақтардан 235 тонна қоқыс шығарды. Сондай-ақ, 3 000 ағаш түптерін әктеу, көгалдандыру жұмыстары жүрді. «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы ауданда 22 500 тал егілген.