Басты жаңалықЖаңалықтар
Қазақстан әскери шеру өткізуден бас тартты
2024 жылы Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шерулер өткізілмейді. Қорғаныс министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметі бұл шешімнің себебін айтты, деп хабарлайды janalyq.kz.
Қорғаныс министрлігінің 3 сәуірдегі ақпараты бойынша:
“Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2024 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ.”
ҚМ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру шеру өткізуге қарағанда басым маңыздыққа ие.
Еске салайық, дәл осы себеппен 2023 жылы да әскери шеру өтпеген болатын.