Басты жаңалықЖаңалықтар
“ҚазАвтоЖол” басқармасының бұрынғы төрағасы ұсталды
Астанада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Муратұлы ұсталды, – деп хабарлайды janalyq.kz.
“Астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен “ҚазАвтоЖол” ҰҚ” АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды”, – делінген хабарламада.
Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге “күзетпен ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚПК-ның 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.