Басты жаңалықЖаңалықтар

Боранбаевтың бұрынғы қонақүйін сату мүмкін болмады

Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешені саудасы өтпеді, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Сауда Астананың Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасы және қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер түрінде өтуі тиіс болатын. Қонақүйдің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 миллион теңге болады.

Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға сатуға рұқсат етілген, бірақ қонақүйді сатып алғысы келетіндер болмады.

“Сауда басталған кезде тізілім веб-порталында қатысушылардан қабылданған өтінімдер жоқ”, – делінген электронды сауда алаңының порталында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button