Басты жаңалықЖаңалықтар

Бишімбаевтың ісі бойынша Астанада қазылар алқасы сайланды

Астанада 2024 жылдың 27 наурызында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша қазылар алқасы іріктелді, деп хабарлайды janalyq.kz.

Бұл туралы Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі мәлімдеме таратты.

“Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті”, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.

Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button