Басты жаңалықЖаңалықтар
Астанада фитнес-клубы өртенді
Астанада 19 наурызда таңертең танымал фитнес-клубтардың бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, 19 наурызда сағат 08:50-де елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі, 9-үй мекенжайына шықты.
Оқиға орнында фитнес-клуб бөлмесінің ағаш қаптамасында 20 шаршы метр аумақта өрт шыққаны анықталған. Өртсөндірушілер келгенге дейін 40-қа жуық фитнес-клуб келушілері ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген.
Өрт сағат 09:26-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.