Бектенов министрдің баяндамасынан “артық” зауытты байқады
Премьер-министр Олжас Бектенов экология министрі Ерлан Нысанбаевтың баяндамасынан қоқыс өңдейтін екі “артық” зауытты байқады. Ол бүгін үкімет отырысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі туралы ақпарат берді, – деп хабарлайды janalyq.kz.
“Бұған дейін берілген ақпарат бойынша, 35 зауыт салынады. Есепте 37 жаңа зауыт салынады дедіңіз. Тағы 2 жаңа зауыт қайдан шықты?” – деп сұрады Бектенов Нысанбаевтан.
“Астана бойынша тағы екі зауыт қосылды. Кеше есепке қосылды. Слайдтар өткен аптада берілген”, – деп жауап берді министр.
Бұдан кейін премьер-министр әңгіме нақты жүзеге асырылатын жобалар туралы ма, деп сұрады. Нысанбаевтың айтуынша, бұл жобаларға қатысты мәселелер күн сайын уәкілетті органдармен талқыланады.
“Әрбір әкімдікте күн сайын облыс әкімінің тиісті орынбасарлары, сондай-ақ тиісті басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрбір жоба қаралды. Мұнда бұл жобалардың дайындық деңгейі өте жоғары”, – деді шенеунік.
Үкімет басшысы бұл мәселені бақылауда ұстауға уәде беріп, министрден нақты деректер беруді талап етті.