Бишімбаевтың сотында тың дерек айтылды
Астанада жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Прокурор өз сөзінде елең еткізетін жайттарды айтты, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген. Бишімбаев марқұмның барлық телефон қоңырауын бақылап, жұмыс істеуге рұқсат бермей, оны толығымен материалдық тәуелді етіп қойған. Сондай-ақ, ол жиі қызғанып, жүйелі түрде физикалық күш қолданған.
“Бишімбаев жиі қызғаныш танытып, Нүкеноваға порнография көрсетіп, онда түскен жоқ па сұрағаны”, – айтылған дерек оқылды.
2023 жылғы наурыздың ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ әйел келіспеген.
Прокурордың айтуынша, 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге шақырған. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіскен. Алайда айыпталушы физикалық күш көрсетуді тоқтатпаған.