Мереке күні генералдар ардагерге құрмет көрсетті
Бүгін қос генерал, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен облыстық департамент бастығы Мұрат Қабденов Түркістан қаласындағы жасы 90-ға жақындаған ардагердің халін сұрап, мерекемен құттықтап қайтты, деп хабарлайды janalyq.kz Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы іссапармен өңірге келген Айдар Мұталікұлы: «Ардақты ардагеріміз болып ортамызда жүргеніңізге, полициядағы мамандарға ақыл-кеңесіңізді аямай, қолдау білдіргеніңізге мың алғыс. Жыл адамы атанған екенсіз, кітаптарыңызды көріп таныстым, шығармашылығыңыз мұқалмасын…», – деп ізгі тілегін жеткізді.
Айта кету керек, ардагер Шаймерден Айтпенбетов ішкі істер органдарының барлық құрылымдарында қызмет еткен, өз саласының маманы. Ол Ұлы Отан соғысының тыл ардагері, ІІМ-нің «Құрметті зейнеткері», бүгінде 8 ұл-қызынан 37 немере мен 17 шөбере сүйіп отырған абыз ата.