Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда жаңа айыппұлдар пайда болады

28 ақпанда палатаның жалпы отырысында Мәжіліс депутаттары автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті белгілейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды janalyq.kz.

Депутат Нұртай Сабильянов “Жол жүрісі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе өзгерістермен таныстырды.

“Заң жобасы шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу мен пайдалануды құқықтық реттеуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыруға бағытталған. Сондай-ақ, жолдар мен жол құрылыстарын күтіп ұстауға байланысты құқық бұзушылықтар үшін көлік құралының рұқсат етілген жылдамдығын айтарлықтай асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылады”, – деді ол.

2023 жылдың 30 тамызында Қазақстанда “Жол қозғалысы туралы” заңға электрсамокаттарын міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button