Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматыда бүгіндікке тағы да жер сілкінді

Бүгін, 23 ақпанда Алматыда екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның күші екі балл болды, деп хабарлайды janalyq.kz.

Жер сілкінісі сағат 16:33-те тіркелді.

“Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл – афтер сілкініс. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ”, – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ННЦСН ЖШС және сейсмикалық станциялар желісі хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуді қатаң түрде ұсынады.

“Жағдай тұрақты”, – деп атап өтті департамент.

Алматылықтар алғашқы жер сілкінісін жалпықалалық сейсмикалық дайындық кезінде сезінді. Атап айтқанда 10:08.

Төтенше жағдайлар департаменті бірден мәлімдеме жасап, Алматының 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқанын еске салды.

Ведомство қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, байқалмайтын жер сілкінісі болатынын атап өтті. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button