Салтанат Нүкенованың ағасы мейрамханада түсірілген кадрларды жариялады
Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мейрамхананың қауіпсіздік камерасына түсірілген кадрларды Instagram-парақшасында жариялады. Сондай-ақ, ол сот-медициналық сарапшы қорытындысының үзіндісін де көрсетті, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Амангелдінің айтуынша, оның мұндай қадамға баруына Нүкенованы аяусыздықпен өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары айтқан өтірік мәжбүр еткен.
“Скриншоттарда оның қалай теуіп, ұрып жатқаны анық көрінеді, ал адвокаттары мұндай болған жоқ деп мәлімдеп отыр”, – деді ол.
Салтанат Нүкенованың ағасының айтуынша, олардың отбасында Бишімбаевтың Нүкенованы бірнеше рет әр жерінен аяғы және қолымен ұрып, тепкені көрсетілген видео бар.
“Медициналық сараптама қорытындысы (видео кадрларында) бар, онда сарапшылар басынан кем дегенде 13 рет соққы алған деген қорытындыға келеді. Салтанаттың мәйітінің фотосуреттері, мейрамханада еденде жатқаны және денесін ашпас бұырынғы суреттері бар. Түні бойы айғай-шуды естіген куәгерлердің айғақтары бар”, – деп қосты Амангелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram