Басты жаңалықЖаңалықтар
Семейде ірі киім базары өртенді
6 ақпанға қараған түні сағат 03:00 шамасында Семейдегі ең ірі “Акшын” киім базарында өрт шықты, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Өртсөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін қала орталығындағы бірқатар көшелер қоршауға алынды.
“Полиция қызметкерлері периметрде арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қызмет етеді”, – деп хабарлады Абай облысы ПД.
Arnapress ақпаратына сәйкес, Найманбаев, Засядько, Чехов көшелерінде көлік қозғалысы шектелген.