Басты жаңалықЖаңалықтар
Қазақстан халқының саны жарияланды
Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы 2023 жылдың басынан 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі халық саны туралы ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 033 546 адам тұрады. Бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 266 739 адамға өскен.
Ең көп халық Алматы (2 228 515 адам), Түркістан (2 142 005 адам) және Алматы (1 531 044 адам) облыстарында тұрады.
Қазақстандағы миллионнан аса тұрғыны бар қалалар мен облыстар қатарына Астана (1 430 163 адам), Шымкент (1 222 055 адам), Жамбыл (1 222 597 адам) және Қарағанды (1 135 411 адам) облыстары да кіреді.
Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 451 004 адам) қала тұрғындары. Ауылдық жерлерде 7 582 542 қазақстандық тұрады.