“ҚазМұнайГазда” кадрлық өзгерістер болды
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясында кадрлық өзгерістер болды. Атап айтқанда, ұлттық компанияның басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов қызметінен кетті, – деп хабарлайды janalyq.kz.
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов 2024 жылдың 30 қаңтарынан бастап қызметінен кетті. Сондай-ақ, ол “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Ақтау өкілдігінің директоры лауазымындағы жұмысын да аяқтады”, – делінген хабарламада.
ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Дәулетжан Хасановқа алғыс білдірді. Хасанов ҚМГ-да түрлі басшылық қызметтер атқарған. ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары ретінде мұнай барлау және өндіру блогына жетекшілік еткен.
“Нұрсейіт Союнов “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, сондай-ақ оған “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі директорының міндеттері қоса жүктелді. Бұған дейін Союнов “Қаражанбасмұнай” АҚ Бас директоры қызметін атқарған”, – делінген хабарламада.
Әр жылдары “Өзенмұнайгаз” АҚ, “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ, “Өзенмұнайсервис” ЖШС, “Урал Ойл энд Газ” ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. Еңбек жолын 2001 жылы “Өзенмұнайгаз” АҚ оператор болып бастаған.