Басты жаңалықЖаңалықтар
ТЖМ алматылықтарды үрейленбеуге шақырды
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы сейсмикалық жағдай туралы жедел ақпарат жариялады, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Соңғы тәулікте, 30 қаңтарда сейсмикалық станциялар желісі Қытайда алты жер сілкінісін тіркеді. Соның біреуі сағат 04:27-де Қазақстанда сезілді – 2 балл. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
“Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауды ұсынады”, – делінген хабарламада.