Жаңалықтар

Қазақстанда киіктердің саны артты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жыл сайын сирек кездесетін тұяқты жануарлар мен киіктер санының артуы байқалатынын, соңғылардың популяциясы 334 мың басқа жетіп, өсім 55% құрағаны атап өтті. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесу барысында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, ведомство осы динамиканы сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Дегенмен, браконьерлік фактілер тиылмай тұр. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы қолданыстағы қылмыстық заңнамаға браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер енгізілді.

Министрдің айтуынша, браконьерлермен күресу үшін заманауи құралдарды қарастыратын инспекцияларды жарақтандырудың жаңа нормативтері әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button