Басты жаңалықЖаңалықтар

Қызылорда облысында мұғалім педофил деген күдікке ілінді

2023 жылы 7 желтоқсанда әлеуметтік желіде Қызылорда облысында дене шынықтыру мұғалімі педофил күдігіне ілініп, тергеу изоляторына тоғытылғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды janalyq.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Egovpress Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл арада №176 мектеп қызметкері туралы сөз болып отыр.

“Кейбір дереккөздер Қызылорда облысының №176 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі төртінші сынып оқушысына қатысты педофил күдігіне ілініп, тергеу изоляторына тоғытылғанын хабарлайды” делінген хабарламада.

Аталған ақпаратқа қатысты Қызылорда облысының білім басқармасы түсініктеме берді.

“Тасбөгет ауылында №11 мектепте осындай мәселе көтерілген. Мектеп қызметкер өзі тарапынан ешқандай шектен тыс әрекет болмағанын айтады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мәселені анықтау үшін тергеу жүргізуде”, – деп атап өтті ведомство Zakon.kz тілшісіне.

Облыстық білім басқармасы тергеу нәтижелері бойынша “тиісті шаралар қабылданатынын” нақтылайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button