Басты жаңалықЖаңалықтар
Астанада қалалық жедел жәрдем станциясының басшысы қамауға алынды
Астанада қалалық жедел медициналық қызмет көрсету станциясының басшысы 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды janalyq.kz.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәліметінше, ол екі ай қамауда болады.
“6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті МКҚК басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында бекітті”, – делінген хабарламада.
Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы жедел медициналық қызмет көрсету станциясы директорының ұсталғанын растады. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Астана әкімдігінің қалалық жедел жәрдем стансасының сайтында хабарланғандай, оның директоры Мұрат Оразбаев.