ДенсаулықҚоғам

300-ге жуық кәсіпорын «Vision Zero» тұжырымдамасына қосылды

Қазақстанның 291 кәсіпорындары «Vision Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасына қосылып, жазатайым оқиғалар мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқарту бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері, кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері республика кәсіпорындарын «Vizion Zero» Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының тұжырымдамасына қосу бойынша ақпараттық кампания өткізеді.

Тұжырымдама жарақат деңгейінің нөлдік, ал еңбек жағдайларының қауіпсіз болуына негізделетін жеті келесі «алтын ережені» қарастырады:

1) көшбасшы болу – қағидаттарға адалдықты көрсету;

2) қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау;

3) мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу;

4) еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы жүйесін құру – ұйымның жоғары деңгейіне қол жеткізу;

5) жұмыс орындарында, станоктармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік пен гигиенаны қамтамасыз ету;

6) біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту;

7) кадрларға инвестициялау – қатысу арқылы дәлелдеу.

Бүгінгі таңда «Vizion Zero» тұжырымдамасына 291 кәсіпорын қосылды, олардың көпшілігі тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларына («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ және т.б.) жатады, оларда өндірістік жарақаттанудың деңгейі жоғары.

Нөлдік жарақаттану тұжырымдамасы енгізілген сәттен бастап республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендердің саны 7,1%-ға төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 17 маусымда Женева қаласында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында «Vision Zero» нөлдік жарақат тұжырымдамасын ілгерілету бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум озық тәжірибе және өндірістік жарақаттануды айтарлықтай төмендетуге, жазатайым оқиғалар мен еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарының санын қысқартуға мүмкіндік беретін алдын алу шараларын іске асыру мәселелері бойынша тараптардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button