ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібін айқындады.
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда)», – делінген Айжан Есмағамбетованың 6 шілдеде шыққан қаулысында.
Осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әкімдіктер әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етеді. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).