Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.
Жиында министр биыл жыл соңына дейін 48 дене шынықтыру және сауықтыру кешені қолданысқа берілетінін мəлімдеді.
«Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде 100 дене шынықтыру және сауықтыру кешеннің құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылы 13 кешен ашылса, биыл 48-інің құрылысы аяқталады. Жалпы өткен жылы əр түрлі 1238 спорт нысаны пайдалануға берілген. Бұл қатарда елордадағы «Жекпе-Жек» сарайы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпірұлы атындағы кешен, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежі бар»,- деді.