Басты жаңалықЖаңалықтар

Астанада тұрғын үйдің жанында өрт шықты

Астанада тұрғын үйдің жанында тағы өрт болды, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.

Автотұрақта көлік өртенген.

“6 маусым сағат 11:56-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үй кооперативінің паркингінде өртті сөндіруге шықты. Қазіргі уақытта елордалық өрт сөндірушілер жоғары дәрежеде жұмыс істеуде”, – делінген хабарламада.

Өрт орнында жедел штаб құрылды, өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан адамдарды эвакуациялады.

“Арнайы машинаның көмегімен желдетілмеген паркингтен түтін шығару жүргізіледі. Түтін шығаратын өрт сөндіру автокөлігі өрт орнына жеке құрамды және өрт-техникалық қару-жарақты жеткізуге, ғимараттар мен құрылыстардан түтін шығаруға, үй-жайларды желдетуге арналған”, –деп бөлісті ТЖМ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button