Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматы облысында балабақшадағы балаларды ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды

Алматы облысында мемлекеттік балабақшалардың бірінде каратэ жаттықтырушысы балаларға қол жұмсаған. Енді оған қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бүлдіршіндерді спортқа баулымақ болып жұдырық жұмсаған бапкердің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Балалар да ата-аналарына болған жағдайды айтып беріпті. Осыдан кейін ата-аналар полицияға арызданып, Есік қаласындағы бөбекжай жаттықтырушысына қатысты тергеу басталды.

Каратэге келген 4-5 жастағы балаларды жұлқып, тепкен жаттықтырушының жасы қырықтан асқан. Педагогикалық этиканы сақтамаған нұсқаушы сөгіс алып, жұмыстан өз еркімен кеткен. Балабақша меңгерушісі болса, ескертумен ғана құтылды.Алматы облысының білім басқармасының басшылығы балалардың денесінде ешқандай жарақат жоқ екенін айтты.

“Бапкер осы қаңтар айынан бастап жұмыс істеді. 29 мамыр бұл  бізге белгілі болды. Оқиға 26 мамыр күні видеофиксацияда жазылған. Жаттықтырушыға қатаң сөгіс берілді. Екі күн өткеннен кейін 1 маусым күні өз еркімен арыз жазып жұмыстан босатылды”, – деді Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалымұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button