Басты жаңалықЖаңалықтар
Таиландта суға батқан қазақстандық жігіт көз жұмды

Таиландта демалыс кезінде суға батқан қазақстандық Артур Ысқақов көз жұмды, – деп хабарлайды janalyq.kz тілшісі.
24 жастағы жігіттің жан тапсырғаны туралы әпкесі әлеуметтік желілерде айтты. Қазақстандық есін жимай, қаза тапты.
“Артур енді бізбен бірге емес”, – деп жазды қыз.
Артурдың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
Осыған дейін Таиландқа демалуға барған Артур Ысқақов жұбайын құтқармақ болған кезде суға батып, ауыр халде ауруханаға жатқаны хабарланды.