01Денсаулық

COVID-19-ға ПТР-тестілеуге Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жазылуға болады

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы әуе рейстері ашылады.

Ұшу алдында жолаушылар COVID-19 коронавирусына ақылы тестілеуден өз бетінше өтуі қажет.

Енді тестке қала тұрғындары Smart Astana қосымшасы арқылы «Медицина» – «COVID-19 тестіне жазылу» бөлімінде жазыла алады.

Сауалнама автоматты түрде «КДЛ Олимп» зертханаларына жіберіледі. Одан әрі медициналық мекеме қызметкерлері қоңырау шалып, емшара кабинетіне шақырады. COVID-19 тесті азаматтардың өз қаражаты есебінен, ақылы тапсырылады.

Айта кету керек, анықтама 7 күнге жарамды. Егер жолаушы Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келіп, құжаттың қолданылу мерзімі аяқталса, қайта оралу үшін ол қайтадан ақылы тестілеуден өтуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button