Қоғам

Базардағы қоғамдық қабылдау

Бүгін AMANAT партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Дина» базарында қоғамдық қабылдау өткізді. ҚР Мәжілісінің, облыстық, қалалық мәслихатқа үміткерлер сауда орталығына келушілерге партиялық сайлауалды бағдарлама, негізгі ұстанымдар туралы айтып, ұсыныс-пікірлерді де тыңдады.

Мәселен, келушілердің бірі аялдамалар мәселесін көтерді. Олар жазда салқын, қыста жылы болуы тиіс аялдамалардағы арнайы бөлмелердің іші көп жағдайда қараусыз қалатындықтан, тұрақты мекен-жайы жоқ жандар мен ішімдік ішкен жандардың тұрағына айналатынын атап өтті. Сонымен қатар, іші лас, жолаушылар үшін қолайсыз екенін де жеткізді.

Тағы бір тұрғын көтерген мәселе – Сырым Датов көшесі бойындағы көпқабатты үйге жақын салынған кеңселерге келетін көлік иелерінің тұрғындарға қолайсыздықтар тудыратыны. Осы айтылғандарға байланысты учаскелік полицеймен бірлесіп, түсінік жұмыстарын жүргізу арқылы мәселені оңтайлы шешу туралы пікір айтылды.

Жалпы, бұл секілді қоғамдық қабылдаулар облыс орталығындағы ірі сауда нүктелерінде ұдайы ұйымдастырылып келеді. Халықтың белсенділігі жоғары, AMANAT партиясын қолдайтындарын атап, бағдарламамен жақынырақ танысты. Ұсыныс, аманаттарын арнайы жәшікке жолдап, айтылған пікір, бастамалардың партия тарапынан қолдау табарына сенім білдірді.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы

AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

Басқа жаңалықтар

Back to top button