АҚШ-та G7 елдерінің ішіндегі ең жоғары инфляция өсімі тіркелді
АҚШ-та инфляция деңгейі экономикасы дамыған «Үлкен жетілік» (G7) тобына кіретін елдер арасында ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды janalyq.kz BBC News басылымына сілтеме жасап.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәліметтері бойынша Америка экономикасы «Үлкен жетіліктегі» басқа елдермен салыстырғанда ең көп зардап шекті. Өткен жылдан бастап АҚШ-та бағалар сәуір айында 4,7%-дан 8,6%-ға дейін екі есе өсті.
АҚШ-тан кейін инфляцияның жоғары деңгейі Ұлыбританияда – 7,8%, Германияда – 7,4%, Канадада– 6,8%, Италияда – 6%, Францияда – 4,8% және Жапонияда 2,5% деңгейінде байқалды.
АҚШ-тың ауыр жағдайға тап болуының себебі халық арасындағы сұраныстың жоғары болуына байланысты болып отыр, ал оған кәсіпорындар дайын емес.
АҚШ үкіметі үй шаруашылықтары мен кәсіпорындарды пандемиядан туындаған экономикалық зардаптардан қорғау үшін 5 трлн доллар бөлуді мақұлдады. Бұл шара жиһаз, автомобильдер және электроника сияқты тауарларға тапсырыстардың күрт өсуіне әкелді. Жоғары тұтынушылық сұраныс ұсыныс мәселелерімен соқтығысып, бағаның өсуіне себеп болды.
Сан-Франциско Федералды резервтік банкінің зерттеуі пандемияға қарсы көмек пакеттері инфляцияға 3% ықпал еткенін көрсетті. Бұл АҚШ-тағы экономикалық жағдайдың нашарлағанын білдіреді.
ЭЫДҰ инфляция биыл ең жоғары деңгейге жетеді деп болжап отыр. Бұл экономикасы дамыған елдер арасында орташа есеппен 5,5%-ды және ұйымның қалған мүшелері үшін 8,5%-ды құрайды.