Нұр-Сұлтанда «Қазақстандағы отбасы институты және отбасылық саясат: мәселелері, үрдістері мен келешегі» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шара «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» атты халықаралық кампанияның басталуына орай ұйымдастырыған.
Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығы директорының орынбасары, теолог Ж. Сүлейменов қатысып, дінде әйел азаматшаларға қысым көрсетуге тыйым салынғаны жөнінде атап өтті. Сондай-ақ, Діндар әйелдер қоғамнан еш бөлінбеуі керек екенін, олар да жұмыс жасауға, білім алуға, өз ойын еркін айтуға құқылы екендігін айтты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және БҰҰ-Әйелдер Құрылымы.