01Денсаулық

Нұр-Сұлтанда «Keruen» мен «Абу-Даби Плазада» COVID-19-ға қарсы вакцинация пункттері ашылды

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын СОО жанындағы алғашқы егу пункті «Mega Silk way»-да ашылған болатын. Ал 19 сәуірден бастап «Хан Шатыр» СОО-да вакцина қабылдау мүмкіндігі жасалды.

«Сауда-ойын сауық орталықтарында вакцинациялау жұмысын ұйымдастыру жақсы тәжірибе көрсетіп отыр. Осы арқылы қала тұрғындарын қамту көрсеткіші артып келеді. Алғашқы уақытта тұрғындар вакцинациядан үрейленсе, қазір жағдай керісінше, жұрт вакцинацияланғандардың қатарын белсенді түрде толықтыруда.

Мысалы, «Mega Silk way»-да медицина қызметкерлері 2 100-ден астам адамды вакцинациялады. Бұл бір ғана орталықтың көрсеткіші», — дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

«Keruen» және «Абу-Даби Плазадағы» жұмыс уақыты алдыңғы екі орталыққа ұқсас, яғни сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Халықты вакцинациялаумен кеңінен қамту үшін қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін, сондай-ақ жұмыс уақыты 08:00-ден 00:00-ге дейін, СОО-ларда 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды.

Елордалықтар COVID-19 вакцинасын алуға белсенді түрде ниет білдіргендіктен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еңбек ұжымдарын жаппай вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар ұйымдастырады. Түрлі кәсіпорындарда КВИ-ға қарсы вакцина алғысы келетіндердің саны 1000 адамға жетеді.

Бүгінгі күні қала бойынша 75 мыңға жуық адам вакцинацияланды

Басқа жаңалықтар

Back to top button