Қостанай облысында 2025 жылға дейін 59 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Барлық жобаларды жүзеге асыруға 1,6 трлн теңге бөлінеді, бұл туралы ӨКҚ онлайн-брифингінде Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков айтып берді.
Биылғы жылы Қостанайдағы индустриялық аймақ аумағында пайдаланудан шыққан “AutoRecycling”ЖШС ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу бойынша кәдеге жарату хабының құрылысы басталады.
– Инфрақұрылымды және қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай қаласында ауданы 400 Га индустриялық аймақ құрылды, алаңда “Беларус” және “Кировец”тракторларының өндірісі жұмыс істейді. Машина жасау саласында “КАМАЗ” ЖАҚ қатысуымен “Kamlit KZ” ЖШС Бірлескен компаниясы құрылды, ол индустриялық аймақ аумағында 2 жобаны іске асырумен айналысады, – деді Олжас Сапарбеков. – Таяудағы жылдарға арналған пул (2025 жылға дейін) – 1,6 трлн теңге сомасына 59 жоба.
Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар өз қуаттылықтарын арттыруды жоспарлап отыр.
“Баян Сұлу” фабрикасы өндірісті кеңейтеді. Ол үшін кәсіпорын негізгі өндірістік кешенді қалпына келтіруге және қайта құруға ниетті. Нысанның қуаттылығы жылына 15 мың тонна кондитерлік өнім шығаруға жетеді.
“Олжа Агро” ЖШС 8 сүт-тауар фермасын және балалар тағамын өндіру зауытын салуды жоспарлап отыр. Бейімбет Майлин атындағы ауданда” Qarqyn Qus ” ЖШС бройлер етін өндіру бойынша жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, болашақ бройлер құс фабрикасының қуаттылығы жылына 10 мың тонна өнім өндіреді