10Қоғам

Бес ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жоспарлануда

Қостанай облысында бес ауылды алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл мәселе бойынша аймақтағы жұмыс 2020 жылы басталды. Сол кезде орталықтандырылған сумен 13 ауыл қамтамасыз етілді. Биылғы жылы жұмыс жалғасатын болады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, 5 ауылды алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу, 8 ауылды сумен жабдықтауды жақсарту, сондай-ақ 13 ауылда суды тазарту және тарату пункттерін орнату жоспарлануда..

Бұдан басқа, алдағы уақытта орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша 18 жоба (29 ауыл) бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button