Өткен жылы Қостанайда 200 төсектік көпбейінді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Онда коронавирустық инфекция жұқтырған адамдар емделеді.
Бірақ медициналық нысандар саласындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды, 2021 жылы 19 аурухана мен емханада күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұдан басқа, 400 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталады.
– Мұнда кардио және тамыр хирургиясы, инсульт орталығы, травматология, неврология, онкология, ортопедия және басқа да көптеген ірі бөлімшелер орналасады, – деп хабарлады облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Сондай-ақ, вакциналарды сақтауға арналған ауыр медициналық жабдықтар мен мұздатқыш жабдықтарды (эндобейнеге төзімді, сараптамалық кластағы УДЗ аппараттары, цифрлық рентген, наркозды-тыныс алу аппараттары, операциялық микроскоп, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыш жабдық) сатып алу жоспарлануда.