17Мәдениет

Жаңа көпір пайдалануға берілді

Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Бадам өзенінің үстінен өтетін көпір ел игілігіне берілді.

А-2 «Хоргос-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта құру жұмыстары толығымен аяқталды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылысы аяқталған көпірдің ашылу рәсіміне қатысты.

Қолданыстағы бұл көпір 1970 жылдары салынған. Ұзындығы 144 метр, ені 11 метрді құрайтын. 2005 жылы көпірдің техникалық жағдайы апатты деп танылды.

2016 жылы аталған республикалық маңызы бар автомобиль жолы Шымкент қаласының теңгеріміне қабылданып, 31,6 шақырым жолды қайта құру жұмыстарына жобалық-сметалық жұмыстар (7 кезең) әзірлене басталды.

Қазіргі таңда екінші кезеңге сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Ал, 1-кезеңде көрсетілген көпір пайдалануға берілді. Көпір құрылысы үш кезең бойынша жүргізіліп, 1 148 шақырым жол жөнделді. Қайта құру жұмыстарының есебінен, апатты көпірдің орнына жаңа көпір салынып, ені 22 метрге ұлғайды.
Нәтижесінде көлік өткізу қабілеті 2 есеге артты. Құрылыс жұмыстарын «ЖБИ-С» ЖШС жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button