01Мәдениет

«30 игі іс» акциясы жалғасады

Елорданың әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «30 игі іс» эстафетасын қолдады. Комиссия өкілдері «Ана үйі» қоғамдық қорының «Аналар үйінде» болды.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» акциясы аясында полиция департаментімен бірге біз «Аналар үйіне» келдік. Біз жас аналармен, үйлестірушілермен кездесіп, әңгімелестік. Біздің сапарымыздың мақсаты – әңгімелесу, өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмектесу», – деді әкімнің бас инспекторы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Мөлдір Бөлебаева.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар мәселелер шешілді. Атап айтқанда, ҮЕҰ мамандары аналарға құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша кеңес береді. Сондай-ақ орталықтың тәрбиеленушілері мамандықтар бойынша оқытылып, өз кәсібін жүргізеді.
Кездесу барысында қор қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» акциясы аясында әлеуметтік-қайырымдылық іс-шаралар өткізілуде. Желтоқсанның өзінде-ақ үш жаңа мектеп, жабық футбол алаңы, велосипедтерді жалға беру станциясы және жасыл белдеудегі фазанарий пайдалануға беріледі. Сондай-ақ церебралды сал және жүйке аурулары бар балаларға арналған үлкен оңалту орталығы ашылады. 500-ден астам елордалық волонтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғызілікті зейнеткерлерге және мұқтаждарға қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #мейірімдіболуәдет #добротаобразжизни #моднобытьдобрым хэштегтермен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button