12Мәдениет

Тоғыз алаң пайдалануға берілді

Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғали Скендиров мәлім етті. Оның айтуынша балалар алаңын жөндеуден өткізуге жергілікті қазынадан 90 млн теңге қаражат қаралған.
«Жаңа балалар алаңдары мына мекенжайлар бойынша орнатылды: 3а-25, 3-44, 4-22, 4-58, 11-3, 14-40, 31б-30, Рауан және Приморский тұрғын үй массиві. Бүгінгі күні толықтай жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Балалар ойын алаңының әрқайсының аумағы – 258 шаршы метр. Бұл балалар алаңына арнайы балаларды жарақаттан қорғайтын төсеніштер жайылған»,- деді Ерғали Скендиров.
Келесі жылы 10 балалар алаңын жөндеу жоспарланып отыр. Жалпы, қала бойынша барлығы 264 балалар ойын алаңы бар, оның 124-і жөндеуді қажет етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button