Қоғамда қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Қазіргідей қауіпті індет кезінде кәсіпкерлер де жұмыла кірісіп, демеушілікке өз үлесін қосып жатыр. Пандемияны бірлігімізбен, жақынымызға жанашыр болумен жеңеміз.
Шымкентте кәсіпкер азамат осындай жақсы іске ұйытқы болды. «Тұлпар» автобөлшек базарының директоры Нұрлан Қоңыратбаев Шымкент қалалық № 1 ауруханасына 10 дана өкпені жасанды желдету аппаратын өз қаржысы есебінен сыйға тартты.
Бұл қайырымдылық іс-шарасын Абай ауданы әкімі аппараты ұйымдастырғанын да айта кеткен жөн.