Басты жаңалықДенсаулық

Қазақстанда коронавирус қашан өршуі мүмкін

Қазақстанда қараша мен желтоқсан айларында коронавирус індетінің өршуі тіркелуі мүмкін. Мұндай болжамды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта болжам жасаумен айналысып жатырмыз. Ең нақты болжам екі апталық кезеңге жасалады. Күн сайын қолымызға түсіп отырған көрсеткіштер ауытқып тұрады. Толықтай алғанда, қазірі уақытта бұл болжамдар маска тағатын, яғни әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Дәл осыған ауруға шалдығу болжамы тікелей байланысты. Ауруға шалдығуға қатысты болжам жасау үшін қазіргі уақытта азаматтардың қарым-қатынасты қаншалықты қысқартқандығын білуіміз қажет», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, індеттің таралуына күнделікті мониторинг жүргізіліп,болжам жасалып отырады.

«Шамамен қараша мен желтоқсан айлары кезеңінде өсім болуы мүмкін деп отырмыз. Бұл екінші толқынның орын алуы мүмкіндігімен, өткір респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмаудың өршуімен байланысты», – деді Алексей Цой.

Басқа жаңалықтар

Back to top button