Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдағы орны талқыланады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 25 маусымда, сағат 11.00-де termincom.kz сайтының youtube арнасында «Әлеуметтік желі терминдерінің терминжасамдағы орны» атты онлайн-конференция өткізеді.
Бүгінде әлеуметтік желі әлем мойындаған ақпарат алмасудың бірден-бір құралы. Десек, те әлеуметтік желі- ақпарат пен нарықты дамытумен қатар қазақ терминдерінің қоғамдағы орнын айқындаушы, ұлттық тілдің мәдениетіне ықпал етуші құрал. Аталған іс-шара әлеуметтік желіде қолданылатын терминдердің терминжасамдағы орнын айқындауға, ұлттық тіл мәдениетіне ықпалын анықтауға бағытталады.
Онлайн-конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Нұрлан Шүленбаев, Shonbay Online университеті PR & Media бөлімінің жетекшісі, SMM-manager, копирайтер Ақерке Камал әлеуметтік желі терминдерінің қолданысы, оның тіл мәдениетіне әсері жөнінде ой қозғайды.
Әлеуметтік желі терминдеріне қатысты сұрақтарды termincom.kz сайтының youtube каналы арқылы қоюға болады.